Әкімдік

Шалқарда спорттық инфрақұрылым жаңаруда

Шалқар қаласында халықтың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және балалар спортын дамыту мақсатында ауқымды құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

✅ Жабық жүзу бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені
Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысымен салынып жатқан нысанның жалпы құны – 661,9 млн теңге. 2023 жылдың ақпанында басталған жобаға түзетулер енгізіліп, 2025 жылдың қаңтарында мердігер «TUNAY STROY PROJECT» ЖШС болып анықталды. Құрылысты 2025 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда.

✅ В.Н.Цеханович атындағы №1 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
Балалар мен жасөспірімдердің спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік беретін бұл нысанның жалпы құны – 1 855,5 млн теңге. 2025 жылға 800 млн теңге қаржы қаралған. Құрылыс жұмыстары 2025–2026 жылдарға жоспарланған. Мердігер – «Нур-Талап и К» ЖШС.

📍 Аудан әкімі Жанболат Жидеханов пен аудандық мәслихат төрағасы Жарылқасын Шамбалаев осы нысандардың құрылыс барысын барып көріп, жұмыс барысымен танысты.

Бұл жобалар – ауданымызда бұқаралық және балалар спортын дамытуға, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне және салауатты өмір салтын кеңінен дәріптеуге бағытталған маңызды қадамдар. Құрылыс жұмыстары тұрақты бақылауда.

Басқа материалдар

Back to top button