Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы — елдің бірлігі мен тұрақтылығын сақтауға бағытталған маңызды құжат деп есептеймін.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы — елдің бірлігі мен тұрақтылығын сақтауға бағытталған маңызды құжат деп есептеймін.
Ауыл ақсақалы ретінде қоғамдағы ең басты құндылықтардың бірі — татулық, өзара құрмет және ұрпақ сабақтастығы деп білемін. Жаңа Конституция жобасында адам құқықтарын қорғау, отбасы институтын нығайту, қоғамдағы келісімді сақтау сияқты қағидаттардың көрініс табуы — елдің болашағына деген сенімді арттырады.
Ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі құндылықтарды сақтау, жастарға дұрыс тәрбие беру — баршамыздың ортақ міндетіміз. Конституцияда отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында екендігінің бекітілуі осы бағыттағы маңызды қадам деп санаймын.
Сонымен қатар экологияны қорғау, білім мен жастарға қолдау көрсету сияқты бағыттардың қамтылуы қоғамның тұрақты дамуына негіз болады.
Жаңа Конституция — елдің бірлігі мен берекесін нығайтатын құқықтық тірек.
Самаев Сауда Сейлханович, Қауылжыр ауылдық округінің зейнеткері.


