Мәдениет

Қазақстан «ақылды фермалар» дәуіріне қадам басты – Тоқаев ЕАЭО агроөнеркәсібін цифрландыруды ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында ЕАЭО елдерінің өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешенін цифрлық трансформациялау қажеттігін айтты.

https://kaz.inform.kz/news/kazakstan-akildi-fermalar-daurne-kadam-basti-tokaev-eaeo-agroonerkasbn-tsifrland-b7fe5624

Президенттің айтуынша, экономиканы цифрландыру – технологиялық трендке ілесу ғана емес, бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторы. Қазақстан бұл міндетке жүйелі түрде қарап, ауқымды цифрлық трансформация тұжырымдамасын іске қосты. Өнеркәсіп секторындағы және тау-кен металлургия кешеніндегі роботтандыру, бұлтты шешімдер мен ірі кәсіпорындардың цифрлық сыңарлары өнімділікті арттырып, шығындарды азайтқан.

– Ал ауыл шаруашылығын автоматтандыру өнімділіктің артуына, су ресурстарын үнемдеуге және экологияға түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді. Мал шаруашылығында қағаз құжат айналымын болдырмайтын әрі есептің нақтылығын арттыратын цифрлық жүйелер енгізіліп жатыр. Қазірдің өзінде автоматтандырылған сауу, жемдеу және микроклиматты бақылау жүйелерімен жабдықталған 650-ден астам «ақылды ферма» жұмыс істейді, – деп атап өтті Қ.Тоқаев елордада Тәуелсіздік сарайындағы отырыста.

Өсімдік шаруашылығында, соның ішінде тұқым шаруашылығында «егістіктен дастарқанға дейін» қағидатымен өнімді қадағалау жүйесі енгізіліп жатыр. Цифрлық жоспарлау мен болжау технологияларының арқасында Қазақстан екінші жыл қатарынан рекордтық көлемде – 27 млн тонна деңгейінде астық жинап отыр.

Соныменм бірге, Президент ауыл шаруашылығы алқаптарын толық цифрландыру, агродрондарды, спутниктік навигация мен метеодеректерді қолдану аясын кеңейту жұмыстарын атап өтті. Жерді пайдалануға беру процесі электронды форматқа көшіріліп жатыр. Ал аграршыларды мемлекеттік қолдау шаралары толық цифрландырылады. Бұл сыбайлас жемқорлық қатерін азайтуға мүмкіндік береді.

– Ауыл шаруашылығын цифрландыру тәжірибесін кеңінен таратуға және ЕАЭО аясындағы жоғары технологиялық бастамаларды қолдауға күш салу қажет. Агроөнеркәсіп кешеніндегі кооперациялық жобаларды қаржылай қолдауға қатысты ЕАЭО туралы шартқа енгізілетін түзетулердің маңызы ерекше. Мұндай технологиялық бастамаларды ауқымды қаржыландыру үшін Еуразиялық даму банкі әлеуетін толық пайдалану қажет. Жиырма жылда банк еуразиялық интеграцияның тиімді құралы ретінде өзін дәлелдеді. Еуразиялық даму банкі алдағы уақытта да одақ аясындағы стратегиялық жобаларды іске асырудың негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып қалуы қажет, – деді Президент.

https://kaz.inform.kz/news/kazakstan-akildi-fermalar-daurne-kadam-basti-tokaev-eaeo-agroonerkasbn-tsifrland-b7fe5624

Басқа материалдар

Back to top button