Конституция

Конституция – мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының берік негізі

Конституция – тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігін айқындайтын, қоғамдық қатынастарды реттейтін және ел дамуының негізгі бағыттарын белгілейтін басты құқықтық құжат. Онда мемлекеттің құрылымы, билік тармақтарының қызметі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттері бекітілген.

Ата Заңның басты құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарының жоғары деңгейде қорғалуы. Бұл қағидат әрбір азаматтың заңды мүддесін қорғауға, қоғамдағы теңдік пен әділеттілікті қамтамасыз етуге негіз болады.

Конституция тек құқықтар мен кепілдіктерді айқындайтын құжат қана емес, сонымен қатар әр азаматтың жауапкершілігін де белгілейді. Заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті құрметтеу, өзге адамдардың құқықтарына нұқсан келтірмеу – құқықтық мемлекеттің маңызды шарттары.

Сондықтан Конституцияны құрметтеу – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі. Әрбір азамат Ата Заңда бекітілген нормаларды біліп, оларды күнделікті өмірде басшылыққа алуы қажет. Заң үстемдігі орныққан қоғамда тұрақтылық нығайып, мемлекет дамуының берік негізі қалыптасады.

Боранбай ДӘМЕНОВ, ардагер.

Басқа материалдар

Back to top button