Конституция

Конституция – жарқын болашақтың бастауы

Жаңа Конституция – еліміздің дамуындағы маңызды тарихи кезеңнің бастауы, болашаққа бағытталған жаңғырудың берік негізі. Ол мемлекетіміздің тұрақтылығын нығайтып, қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды құжат.

Конституция – елдің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі бағдары. Онда әділеттілік, заң үстемдігі, жауапкершілік пен адам құндылықтары басты орынға қойылады. Бұл қағидаттар мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттырып, әрбір азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін күшейтеді.

Жаңа кезең – жаңа мүмкіндіктер мен үлкен міндеттер кезеңі. Еліміздің өркендеуі әр азаматтың белсенділігіне, отаншылдығына және ортақ мақсат жолындағы бірлігіне байланысты.

Бүгінгі қабылданатын шешімдер – ертеңгі ұрпақтың жарқын болашағына жасалған қадам. Сондықтан Конституцияны құрметтеу, оның қағидаттарын сақтау және заң талаптарын орындау – баршамызға ортақ міндет.

Конституция – ел бірлігінің тірегі, тұрақтылықтың кепілі және жарқын болашаққа бастайтын жол!

Ізбасарова Дильназ Әлібекқызы, Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ дефектологы

Басқа материалдар

Back to top button