Мәдениет

Президент Түркі өркениетінің мұрасын сақтау жөніндегі құжатты ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM – Түркі елдерінің рухани және мәдени құндылықтары назардан тыс қалдырмауы қажет. Бұл туралы бүгін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

https://kaz.inform.kz/news/prezident-turk-orkenietnn-murasin-saktau-zhonndeg-kuzhatti-usindi-a2b315f1

– Жасанды интеллект пен озық технология дәуірінде рухани және мәдени құндылықтарды назардан тыс қалдырмау қажет. Түркі өркениетінің мол мұрасын сақтау және оны зерделеу — тарихи жадыны жаңғырту мәселесі ғана емес. Бұл – біздің бірігей болмысымызды, бірлігімізді және ынтымақтастығымызды көрсететін маңызды фактор. Осы орайда мен Түркі өркениетінің мұрасын сақтау жөніндегі конвенция жобасын пысықтау туралы ұсынысты қолдауға шақырамын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, бұл құжат түркі халықтарының тарихи, мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу ісіне құқықтық негіз болады, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның осы саладағы қызмет аясын кеңейте түсуге ықпал етеді.

https://kaz.inform.kz/news/prezident-turk-orkenietnn-murasin-saktau-zhonndeg-kuzhatti-usindi-a2b315f1

Басқа материалдар

Back to top button