Мәдениет
Партия мүшелері сенбілік өткізді

«AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында партияның аудандық филиалының қызметкерлері сенбілік өткізді. Шараға партияның белсенді мүшелері, «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері қатысты.

Партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айнагүл Жұмағұлова «Таза бейсенбі» партиялық жобасы жаңа экологиялық мәдениет пен азаматтардың қоршаған ортаға деген саналы көзқарасын қалыптастыруды көздейтінін атап өтті.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.



