Мәдениет

Ердоған 34 әріпке негізделген түркі әліпбиін қолдану аясын кеңейтуді ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM — Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған 34 әріпке негізделген түркі әліпбиін қолдану аясын кеңейтуді ұсынды.

https://kaz.inform.kz/news/erdogan-34-arpke-negzdelgen-turk-alpbin-koldanu-ayasin-keneytud-usindi-226ca2e3

— Біз қазірдің өзінде мәдени-гуманитарлық салада айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз. Ортақ түркі тілдік және мәдени платформасының мойындалуы мен дамуы маңызды жетістіктердің біріне айналды. 34 әріпке негізделген түркі әліпбиін қолдану аясын кеңейту, сондай-ақ қатысушы елдердегі ғылыми және білім беру бастамаларын қолдау маңызды. Түркі әлемінің тілдері мен мәдени мұрасын қолдау үшін жасанды интеллект технологияларын дамыту ерекше маңызға ие, — деді Режеп Тайип Ердоған

https://kaz.inform.kz/news/erdogan-34-arpke-negzdelgen-turk-alpbin-koldanu-ayasin-keneytud-usindi-226ca2e3

Басқа материалдар

Back to top button