Мәдениет

ТМҰ саммиті: мүше елдер IT-хабтарының бірлескен орталығын ашу ұсынылды

АСТАНА. KAZINFORM – Түркі елдерінің IT-хабтарының бірлескен орталығы ортақ мүддені ілгерілетуге ықпал етеді. Бұл туралы бүгін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

https://kaz.inform.kz/news/tmu-sammit-mushe-elder-it-habtarinin-brlesken-ortaligin-ashu-usinildi-4f7a77da

– Қазір әрбір елде IT-жобаларға арналған технопарктер бар. Мен Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің IT-хабтарының бірлескен орталығын ашуды ұсынамын. Орталыққа Turkic ai атауын беріп, оны Alem.ai орталығында орналастыруға болады. Бірлескен хаб ортақ мүдделерімізді ілгерілетуге ықпал етері сөзсіз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Түркістан қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті басталды. Саммитке ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары — Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келді.

https://kaz.inform.kz/news/tmu-sammit-mushe-elder-it-habtarinin-brlesken-ortaligin-ashu-usinildi-4f7a77da

Басқа материалдар

Back to top button