Мәдениет

Түркия түркі мемлекеттерімен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы тәжірибесімен бөлісуге дайын — Ердоған

АСТАНА. KAZINFORM — Түркия түркі мемлекеттерімен қорғаныс өнеркәсібі және технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға баса мән береді. Бұл туралы Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған айтты.

https://kaz.inform.kz/news/turkiya-turk-memlekettermen-korganis-onerkasb-salasindagi-tazhribesmen-bolsuge-d-f52482b5

— Төңірегіміздегі дағдарыстар ынтымақ пен іс-қимылды үйлестірудің маңызын көрсетіп отыр. Елдер арасындағы консультациялар мен ынтымақтастық тетіктерін нығайту қажет. Сондай-ақ стратегиялық маңызы бар Орта дәлізді қоса алғанда, көлік және логистикалық жобаларды дамыту маңызды, — деді Түркия Президенті.

Сонымен қатар ол Палестинадағы, Ирандағы, Украинадағы және басқа да өңірлердегі жағдайлар неғұрлым тығыз үйлестіруді және бірлескен күш-жігерді талап ететініне назар аудартты.

— Түркия ұйымымызға мүше мемлекеттермен қорғаныс өнеркәсібі және технологиялар саласындағы тәжірибесімен бөлісуге дайын. Біз осы саладағы ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән береміз, — деді Реджеп Тайип Ердоған.

https://kaz.inform.kz/news/turkiya-turk-memlekettermen-korganis-onerkasb-salasindagi-tazhribesmen-bolsuge-d-f52482b5

Басқа материалдар

Back to top button