Әлеумет

КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шалқар ауданы әкімі Жанболат Жидеханов және партияның аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Шалқар қаласындағы темір жол вокзалының күрделі жөндеу жұмысына мониторинг жүргізді.


Теміржол вокзалын жөндеу жұмыстарының тапсырыс берушісі – Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Мердігер мекеме – «СК Ретма» ЖШС. Жөндеу жұмыстары 2025 жылдың мамыр айында басталған.

Қазіргі таңда вокзал ғимаратының сыртқы келбетін қаптау, шатырын жабу, терезелерін салу жұмыстары жүргізіліп, ішкі әрлеу, сылау және сырлау, абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Мониторинг барысында күрделі жөндеу жұмысы сапалы және уақытылы жүргізілуі қажет екендігі ескертілді. Алдағы уақытта да аталған нысанға партиялық бақылау жүргізілетін болады.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы

Басқа материалдар

Back to top button