Президент бір топ спортшыға мемлекеттік наградалар тапсырды
АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындарында және Азия параойындарында көрсеткен жоғары жетістіктері үшін бір топ спортшыға мемлекеттік марапаттар тапсырды. Салтанатты марапаттау рәсімі Ақордада өтті.
https://kaz.inform.kz/news/prezident-br-top-sportshiga-memlekettk-nagradalar-tapsirdi-0d93975f/
Президент Жарлығымен каратэден алтын медаль иегері Софья Берульцева «Парасат» орденімен марапатталды.
«Құрмет» орденін – шосседегі велоспорттан жекелей жарыстың және топтық жарыстың екі алтын медаль иегері Алексей Луценко, семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері Кирилл Проходов, семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері Ерлік Сертай, сондай-ақ академиялық есуден жұптық жарыстың алтын медаль иегерлері Иван Чернухин мен Владислав Яковлев алды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар:
Биғабыл Жоламан Қуанышбекұлы – каратэден алтын медаль иегері, Астана қаласы
Бүркіталин Еркінғали Аманғалиұлы – аралас жауынгерлік жекпе-жектің алтын медаль иегері, Ақтөбе қаласы
Ермұханбет Наиль Мадьярұлы – паравелоспорттан ерлер арасындағы жекелей уақытқа жарыстың және тас жолдағы жарыстың екі алтын медаль иегері, Астана қаласы
Калаус Анастасия Андреевна – паравелоспорттан әйелдер арасындағы жекелей уақытқа жарыстың және тас жолдағы жарыстың екі алтын медаль иегері, Астана қаласы
Кенжебек Диас Ерболатұлы – паражүзуден алтын медаль иегері, Астана қаласы
Құлмырза Бексұлтан Нұрланұлы – парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы
Нұрмаханұлы Ибрагим – парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы
Сейілбекова Ақтолқын Елтайқызы – парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы
Сұлтанова Рината Станиславовна – шосседегі велоспорттан әйелдер арасындағы 24 км жекелей жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы
Тоқсанбаева Ясмина Тұрсынқызы – жеңіл атлетикадан марафондық қашықтыққа жүгіруге қатысушы, Астана қаласы
Тілеулес Тамирлан Мұхтарұлы – таеквондодан алтын медаль иегері, Алматы қаласы
Шарлаимов Вадим Вадимович – семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы
Шынбаев Қадырбек Айбекұлы – аралас жауынгерлік жекпе-жектің алтын медаль иегері, Ақтөбе қаласы;
Сонымен бірге, Азия және Параазия ойындарына қатысқан бірқатар спортшы Президенттің Алғыс хатымен марапатталды.
https://kaz.inform.kz/news/prezident-br-top-sportshiga-memlekettk-nagradalar-tapsirdi-0d93975f/
