Әлеумет

Конституция – жарқын болашақ кепілі

Конституция – мемлекеттің берік негізі, елдің тұрақтылығы мен өркендеуінің басты кепілі. Ол қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етіп, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.

Ата Заң – тәуелсіздігіміздің тірегі, бірлігіміздің негізі және болашақ ұрпаққа қалдырар құнды мұрамыз. Конституцияда белгіленген қағидаттар еліміздің бейбіт дамуына, қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың нығаюына жол ашады.

Жарқын болашақ – заңды құрметтейтін, жауапкершілікті сезінетін және ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтардың қолында. Сондықтан Конституцияны құрметтеу, оның талаптарын сақтау – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы.
Ислам Бақытжанұлы, Шалқар ауданының тұрғыны.

Басқа материалдар

Back to top button