ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Ағымдағы жылдың 29 қазан күні «Әділет» партиясының өкілдері Шалқар қаласындағы №5 мектеп-лицейінде білім саласының қызметкерлерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген негізгі басымдықтар талқыланып, ел дамуының маңызды бағыттары мен жастарға берілетін мүмкіндіктер сөз болды.
Кездесуге партияның аудандық филиалының төрағасы Айнагүл Жұмағұлова, аудандық «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Айбек Ембергенов, партияның аудандық филиалының Саяси кеңес мүшелері Әлия Әбдіғапарова мен Нұрболат Мұрсалов қатысты.

Кездесу барысында Жолдаудағы «Халықтық құрылыс» бағдарламасына, ауыл шаруашылығын жаңғыртуға, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға, өңірлік инфрақұрылымды жетілдіруге және білім сапасын арттыруға қатысты бастамаларға тоқталды. Сондай-ақ экономиканы нығайту мен агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың маңызын аталып өтілді.
«Әділет» партиясы Шалқар аудандық филиалы



