Денсаулық

Президент Үкіметке елдегі денсаулық сақтау ғимараттарын жаңартуды тапсырды

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тұтас денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізу жөнінде тапсырма берді.

https://kaz.inform.kz/news/prezident-ukmetke-eldeg-densaulik-saktau-gimarattarin-zhanartudi-tapsirdi-99248fbc

– Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының бірінші кезеңі сәтті іске асырылды. 2023 жылдан бастап жаңадан 655 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны салынды. Биыл 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары аяқталады. Бұл азаматтарды тұрғылықты жерде сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен бірге, елордада және өңірлерде мамандандырылған ғылыми институттар мен көпбейінді ауруханалар, заманауи емханалар және перинаталды орталықтар бой көтеріп келеді.

– Дегенмен алдағы жұмыс – ауқымды. Елімізде пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен 14 мыңнан аса нысан әлі де қызмет көрсетіп тұр. Сондықтан Үкімет бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізіп, олардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуы қажет, – деді Президент.

https://kaz.inform.kz/news/prezident-ukmetke-eldeg-densaulik-saktau-gimarattarin-zhanartudi-tapsirdi-99248fbc

Басқа материалдар

Back to top button