Денсаулық
ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

«Әділет» партиясы Шалқар аудандық филиалына қарасты «Орталық аурухана» бастауыш партия ұйымының мүшелері Шалқар қаласының тұрғындары Ғалымжан Раев пен Орынкүл Раеваның үйіне барып, медициналық көмек көрсетті.
Үйді аралау негізінде медициналық тексеру және кеңес беру, тұрғындарды кәсіби құрал-жабдық арқылы толық тексеру жүргізілді. Қан қысымы, қант пен холестерин мөлшері анықталып, көз ішілік қан қысымы өлшенді.
Өз кезегінде Шалқар қаласының тұрғындары Ғалымжан Раев пен Орынкүл Раеваның партия мүшелеріне жылы лебізін білдірді.
«Әділет» партиясы Шалқар аудандық филиалы

