Мәдениет

Каспий Аралдың кебін кимеуі керек: Тоқаев итбалықтарды сақтауға шақырды

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде Қазақстанның сирек кездесетін жануарларды сақтау мен көбейту жолындағы күш-жігеріне тоқталды.

https://kaz.inform.kz/news/kaspiy-araldin-kebn-kimeu-kerek-tokaev-itbaliktardi-saktauga-shakirdi-6a26d6aa

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан қазірдің өзінде биологиялық алуантүрлілікті сақтау саласында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізгенін мәлімдеді.

Елімізде киік санының көбеюін осы жетістіктердің бірі ретінде атап өтуге болады.

— Мұз дәуірін өткерген ежелгі жануардың даламыздағы экологиялық тепе-теңдікті сақтаудағы орны ерекше. Бүгінде киіктің әлемдік популяциясының 98 пайызға жуығы қазақ даласын мекен етеді. Егер елімізде 2003 жылы небәрі 21 мың бас киік болса, биыл көктемге қарай бұл көрсеткіш 4,7 миллионға жетті. Сондай-ақ асқар тауларымыздың тұмарына баланатын қар барыстары популяциясын қалпына келтіру жұмыстары көңілге сенім ұялатады. Ілбіс тіршілік ететін ортаның 70 пайызға жуығы еліміздегі қорғалатын аумақтарға тиесілі. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары құрып кетудің аз-ақ алдында тұрған ілбістің популяциясы қар барысын қорғау және жүйелі ғылыми мониторинг шараларының нәтижесінде шамамен 190-ға дейін көбейді. Бұған билік органдарының, ғалымдар мен халықаралық серіктестердің ұзақ жылдар бойы табанды әрі аянбай атқарған жұмысының нәтижесінде қол жеткізілді, — деді Президент.

https://kaz.inform.kz/news/kaspiy-araldin-kebn-kimeu-kerek-tokaev-itbaliktardi-saktauga-shakirdi-6a26d6aa

Басқа материалдар

Back to top button