Референдум•
Жарқын болашаққа жол ашатын шешім

Өңірге белгілі өнер майталмандары жалпыұлттық референдумда өз таңдауын жасады. Дауыс бергендердің арасында ақын, композитор, мәдениет саласының үздігі Орал-Қосай Байсеңгір де бар. Ол №23 референдум учаскесінде дауыс берді.

Оның айтуынша, бүгінгі референдум ел дамуына, жаңа бастамалардың жүзеге асуына бастау болады.
— Әлемдік тәжірибеде әрбір ел өзінің жарқын болашағын қалыптастыру жолында аса маңызды шешімдерді қабылдайтыны заңды құбылыс. Біз де сондай маңызды шешім қабылдау үшін бүгін дауыс беріп тұрмыз. Бұл әрбір азамат үшін маңызды. Заңы мықты елдің беделі биік, абыройы асқақ болмақ, — деді ол.
Ақмарал МҰҚАШЕВА.



