Әлеумет
Инклюзивті білім беру саласына мониторинг жасады

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айнагүл Жұмағұлова және Шалқар аудандық мәслихат депутаты, депутаттық фракция мүшесі Айгүл Шалабаева Шалқар қаласындағы инклюзивті білім беру саласына мониторинг жасады. 
Әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие, сапалы білім беру – заман талабы. Осы орайда, инклюзивті білім беру мәселесі әлем жұртшылығын алаңдатып отыр.
Бүгінде «AMANAT» партияcының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында осы жұмыстарды жүйеге келтіру бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынып жатыр.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.


