« Мен алғашқы рет дауыс беріп тұрмын»

Бүгін мен 18 жасқа толған азаматша ретінде елім үшін маңызды саяси оқиға – референдумға алғаш рет қатысып, өз дауысымды бердім. Бұл мен үшін ерекше әрі жауапты сәт болды. Себебі әрбір азаматтың таңдауы ел болашағына әсер ететін маңызды қадам екені анық. Мен де еліміздің ертеңіне бейжай қарамайтын жас ретінде осы маңызды шешімге өз үлесімді қостым.
«Ел болашағы – әр азаматтың қолында» деген сөздің мәні осындай сәттерде айқын сезіледі. Өйткені Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік әр адамның белсенді азаматтық ұстанымынан көрінеді. Ал ел тағдырына немқұрайлы қарамау – әрбір саналы азаматтың парызы.
Сондықтан барша жастарды ел болашағына жауапкершілікпен қарап, қоғамдық өмірге белсенді араласуға шақырамын. Өйткені қуатты мемлекет – белсенді әрі саналы азаматтардың қолымен құрылады.
Алдабергенова Салтанат,
Марат Оспанов атындағыБатыс Қазақстан
медицина университетінің студентті



