Дзюдошының таңдауы

Дзюдодан әлем чемпионы, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері Рустам Ибраев Есет батыр тұрғын алабындағы №3 облыстық жасөспірімдер спорт мектебінде орналасқан №580 учаскеге барып, дауыс берді.
— Бүгін мен де Ақтөбе жұртшылығымен бірге республикалық референдумға келіп, өз дауысымды бердім. Мен үшін азаматтық борышымды орындау өте маңызды. Таңдауымды жасау арқылы ел болашағына өз үлесімді қосамын деп сенемін. Дауыс беру – әрқайсысымыздың елімізге деген жауапкершілігімізді көрсетудің ең айқын жолы. Бұл — құқық қана емес, сонымен қатар әр азаматтың мемлекетіне деген құрметі мен қамқорлығының белгісі. Бұл қабылдаған шешімдеріміз болашаққа бағыт-бағдар береді. Сондықтан елінің болашағын ойлаған әрбір азамат таңдау жасап, дауыс беруі керек, — дейді Рустам Ибраев.
Оның айтуынша, қазір елімізде спортпен айналысамын деген жастарға мүмкіндік мол. Ал жетістікке жеткен спортшыларымыз ел намысын қорғауда шетелдерге барып, шеберлігін көрсетуде. Мұның бәрі мемлекеттің қолдауы мен қамқорлығының арқасында
жүзеге асып жатыр. Сол себепті спортшылар мұндай саяси маңызды науқаннан шеткері қалмауға тиіс.
Д.АЙДАР.



