Заң мен тәртіп

Ақтөбе облысының прокуроры Марат Әбішев облыс прокуратурасы қызметкерлерінің жеке құрамының қатысуымен жедел кеңес өткізді.

Ақтөбе облысының прокуроры Марат Әбішев облыс прокуратурасы қызметкерлерінің жеке құрамының қатысуымен жедел кеңес өткізді.
Кеңес барысында жеке құрамға Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі ережелері, сондай-ақ «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру тапсырмалары жеткізілді.
Сонымен қатар жоспарлы ротацияға сәйкес облыс прокуроры кадрлық өзгерістер жасады, құрылымдық бөлімшелердің, Ақтөбе қаласы прокурорының орынбасары сондай-ақ Шалқар ауданының прокуроры Ақылбекұлы Айбарды және Темір ауданының прокуроры Жаслан Джумагазиевті таныстырды.
Кеңес қорытындысында облыс прокуроры барлық жеке құрамға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, қызметтік тәртіпті және Әдеп кодексінің нормаларын қатаң сақтауды талап етті.

Басқа материалдар

Back to top button