ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Өткен аптада аудан әкімі Жанболат Жидеханов Айшуақ, Бозой, Шалқар, Шетырғыз ауылдық округтерінде болып, тұрғындарды қабылдап, мұң-мұқтаждарын тыңдады. Олардың шешілу жолдарын қарастырды, жауапты мекеме басшыларына тапсырма берді. Балабақша, мектеп, дәрігерлік амбулатория, клуб, мәдениет үйлері ғимараттарын аралап көріп, олардың қысқа дайындығын тексерді. Ауылдық елді мекендерді дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылған жобалармен танысты. Мәселен, аудан әкімі Бозойға барған сапарында ауылдың Даму аймағын су, газ, электр желілерімен жабдықтау жұмыстарымен және «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында Прохоренко көшесіне жүргізілген орташа жөндеу жұмыстарының нәтижесімен танысты. Аяққұм елді мекеніндегі негізгі мектептің құрылыс жұмысын қарап көрді.
Жауапты адамдарға ауылшаруашылығын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы аясында шаруа қожалықтары арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.