ПАРТИЯ ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

Шалқар қаласындағы «Нұр-Бота» бөбекжай-бақшасында білім беру саласының өкілдерін партия қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.

Шараға «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айнагүл Жұмағұлова, «Нұр-Бота» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Алтынгүл Есалина және ұжым мүшелері қатысты.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген Айнагүл Жұмағұлова партия қатарына жаңадан қабылданушыларға үлкен жауапкершілік жүктелгенін, алдағы уақытта партияның беделінің одан әрі артуына атсалысып, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін бірлесіп жүзеге асыруға шақырды.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.