Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша бір жыл ішінде жүргізілген жұмыстар

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында Үкімет алдына еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша бірқатар жаңа міндеттер белгіледі.

📌 Президенттің сайлауалды бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша бір жыл ішінде жүргізілген жұмыстар туралы Primeminister.kz сайтының кезекті материалынан оқыңыздар.

✅8 млн гектар пайдаланылмай жатқан жер мемлекетке қайтарылды.

🚜Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында шаруалар 40 млрд теңгеге 1053 комбайн мен трактор сатып алды.

💰2,8 мың бірлік мал азығын жинау техникасын сатып алуға 20 млрд теңге бөлінді.

✅Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту және ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырылуда.

🟢1 млн-нан астам ауыл тұрғынын қамтитын жобаны жүзеге асыруға барлығы 1 трлн теңге қарастырылған.

🟢2023 жылы республикалық бюджеттен 17 мың шағын несие беру үшін 100 млрд теңге бөлінді.

🟢Бұл ауылдық жерлерде 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

✅Елді сумен қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелерді шешуді көздейтін жаңа Су кодексінің жобасы әзірленді.

✅Елдің су шаруашылығы жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасын тауып келеді.

🟢Мәселен, 2025 жылға дейін Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында сыйымдылығы 1 700 млн м3 болатын жаңа 9 су қоймасын салу жоспарланып отыр.

🟢Екінші кезеңде Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 705 млн м3 астам суға арналған 11 су қоймасын салу қарастырылған.