«Стоп трафик» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Қандыағаш ст . Желілік полиция бөлімінің Шалқар ст.ЖПб қызмет ету аймағында 2023 жылдың қараша айының 22-24 аралығында «Стоп трафик» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты — қызмет ету аймағында жолаушылар поездарында адам саудасымен, оларды тартумен, ұрлаумен бас бостандығынан заңсыз айырумен байланысты қылмыстарды ескертуге, жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған, сондай-ақ жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырудың және ұстаудың жолын кесуге бағытталған.

Іс-шара аясында Шалқар ст. ЖПб-нің қызметкерлерімен қызмет ету аймағында профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылып, жүргізілуде. Егерде Сіз аталған қылмыстың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, мына телефон нөміріне хабарласуыңызға болады: Қандыағаш ст. Желілік полиция бөлімі: 8 (71333) 70-2-26

Е. ҚҰЛМАНОВ, Шалқар ст.ЖПб-нің бастығы, полиция капитаны.