Бастауыш партия ұйымы төрағаларының есебі

09 сәуір күні «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы ғимаратында «Айшуақ ауылдық округі», «Ақтоғай ауылдық округі», «Есет Көтібарұлы ауылдық округі» бастауыш партия ұйымы төрағаларының есебі тыңдалды. Жиынға партияның аудандық филиалының Саяси кеңес Бюросының мүшелері Жарылғасын Шамбалаев, Әлия Әбдіғапарова, Айгүл Шалабаева, Айнагүл Жұмағұлова, Айбек Ембергенов, Нұрболат Мұрсалов және бастауыш партия ұйымы төрағалары қатысты.
«Айшуақ ауылдық округі» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ақылбек Аманғали, «Ақтоғай ауылдық округі» бастауыш партия ұйымының төрағасы Сағыныш Утемағанбетов, «Есет Көтібарұлы ауылдық округі» бастауыш партия ұйымының төрағасы Шыңғыс Манасов ағымдағы жылдың І тоқсаны бойынша партиялық жобалардың орындалуы бойынша баяндама жасады.
Жиында сөз сөйлеген «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы, депутаттық фракция жетекшісі Жарылғасын Шамбалаев бастауыш партия ұйымының жұмысын жандандыру бойынша бірқатар ұсыныстарын айтып, партияның сайлауалды бағдарламасы және партиялық жобаларды жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берді.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.