Құрылыс жұмыстарына мониторинг жүргізілді

Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы Жарылғасын Шамбалаев, аудандық мәслихат депутаты Ерлан Абдікәрім, «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айнагүл Жұмағұлова, партияның аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әлия Әбдіғапарова және Шалқар аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Гауһар Орынбаева Шалқар қаласында салынып жатқан жабық жүзу бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмысына мониторинг жүргізді.

Жобаның жалпы құны – 458,5 млн теңге. Жауапты мердігер – «TUNAY STORY PROJECT» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «Әсем-Құрылыс-Қызылорда» ЖШС, авторлық қадағалаушы «STORY Company 2024» ЖШС.
Мониторинг барысында құрылыс жұмысы сапалы және уақытылы жүргізілуі қажет екендігі ескертілді. Алдағы уақытта да аталған нысанға партиялық бақылау жүргізілетін болады.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.


