
Мыңдаған отбасы жаңа баспанасында қоныс тойын тойлады. Еліміздің барлық өңірінде құрылыс қарқынды дамып келеді.
🔹 Елімізде бой көтерген денсаулық сақтау нысандарының саны: 219
Медицинаға қолжетімділік арта түсті: еліміздің көптеген аулында жаңа медициналық пункттер пайда болды. Дәрігер тапшылығы 19%-ға қысқарды.
🔹 130 жаңа мектеп ашылды
220 мың жаңа оқушы орны құрылды, 100-ден астам мектепте орын тапшылығы жойылды. Баланың қалада немесе ауылда тұрғанына қарамастан оқуға қолайлы жағдай жасалады.
🔹 5,9 трлн теңге зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге бағытталған
4,6 млн қазақстандық мемлекеттен көмек алады. Азаматтарды қолдау бюджеттің басым бағыты болып қала береді: 2026 жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы тағы 10%-ға өседі.
🔹 33 жаңа зауыт іске қосылды, 150 зауыт жаңартылды
«Қазақстанда жасалған» – енді тұрмыстық техника мен автокөліктерге де қатысты. Теледидар мен кір жуғыш машиналар өндірісі іске қосылды, автомобиль шығаратын зауыттар салынуда.
🔹 27,1 млн тонна астық жиналды
Диқандар екінші жыл қатарынан астық жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Ел азық-түлікпен толық қамтылған, экспорт көлемі артып келеді.
🔹 13 мың шақырым жол салынды және жөндеуден өтті
Қалалар арасындағы жол жүру жылдам әрі қауіпсіз бола бастады, жүк тасымалдау көлемі 9,6%-ға өсті.
🔹 Халықтың 90%-ы интернетпен қамтылды
Қазақстан Starlink спутниктік интернетіне қол жеткізген Орталық Азиядағыалғашқы мемлекет болды.
🔹 Бір жылда 335,6 млн ағаш отырғызылды
2021 жылдан бері – 1 млрд 470 млн көшет. «Таза Қазақстан» Президент бастамасы аясында еліміз жасыл елге айналып келеді. Бұл өзіміз үшін және болашақ ұрпағымыз үшін таза ауаға салынған үлкен инвестиция.
🔹 Ел экономикасы 6,4%-ға өсті
Қуатты экономика – мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін ресурстары бар екенінің кепілі: тіпті жаһандық нарық тұрақсыздығы жағдайында да жалақы, зейнетақы төлеу және жаңа мектептер салу.


