Мәдениет

ШАЛҚАР КӨЛІНІҢ ЖАҒАЛАУЫНА СЕНБІЛІК ЖҮРГІЗІЛДІ

«AMANAT» партиясының бастамасымен еліміздің барлық өңірінде дәстүрлі «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жалғасуда. Бұл іс-шара – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының жалғасы. Акцияның мақсаты – тек қана аумақтарды қоқыстан тазарту емес, сонымен қатар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, әрбір азаматты қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға баулу.

Акция аясында бүгін Шалқар көлінің жағалауы күл-қоқыстан тазартылды. Іс-шараға Шалқар аудандық мәслихатының депутаттары, депутаттық фракция мүшелері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, білім саласының өкілдері және «AMANAT» партиясының қызметкерлері қатысты.

   

«Экологиялық сана – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміздің көрінісі. Мұндай акциялар адамдарды табиғатқа жанашыр болуға баулиды. Әрқайсымыз айналамызды таза ұстаудан бастауымыз керек»,-деді аудандық мәслихат төрағасы Жарылғасын Шамбалаев.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы

Басқа материалдар

Back to top button