Әлеумет

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Ағымдағы жылдың 14 сәуір күні Шалқар аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Күн тәртібінде Шалқар ауданы бойынша партияның Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының жүзеге асырылуы мәселелері қаралды.

Фракция отырысына Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы Жарылғасын Шамбалаев,«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айнагүл Жұмағұлова және депутаттық фракция мүшелері қатысты.

Жиында тиісті ұсыныстар беріліп, депутаттық фракция отырысының шешімі қабылданды.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы

Басқа материалдар

Back to top button