Әкім құттықтауы

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шалқар ауданы әкімі Жанболат Жидеханов, Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы Жарылғасын Шамбалаев және партияның аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Бозой ауылдық округі Бозой ауылында салынып жатырған Бозой жалпы орта білім беретін мектебі ғимаратының құрылысына мониторинг жүргізді.

Қазіргі таңда мектептің іргетасының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның жалпы құны – 2 993 595 537,36 теңгені құрайды. Жобаға жауапты мердігер – «СДС 2012» ЖШС.

Мониторинг барысында құрылыс жұмысы сапалы және уақытылы жүргізілуі қажет екендігі ескертілді. Алдағы уақытта да аталған нысанға партиялық бақылау жүргізілетін болады.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы

Басқа материалдар

Back to top button