Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы білім мен тәрбие саласының маңызын айқындайтын маңызды құжат деп санаймын.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы білім мен тәрбие саласының маңызын айқындайтын маңызды құжат деп санаймын.
Мұғалім ретінде жас ұрпақтың білімді, жауапкершілігі жоғары және қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуы — басты міндеттердің бірі. Жаңа Конституция жобасында адам құқықтарын қорғау, білім мен ғылымды дамыту, отбасы құндылықтарын нығайту және қоғамдағы жауапкершілікті күшейту сияқты бағыттардың қамтылуы осы міндеттермен тікелей байланысты.
Мектеп — тек білім беретін орын ғана емес, азаматтық құндылықтар қалыптасатын орта. Сондықтан заңға құрмет, әділдік және өзара сыйластық сияқты қағидаттардың Конституция деңгейінде көрініс табуы жас ұрпақтың дұрыс тәрбиеленуіне ықпал етеді.
Алдағы уақытта жаңа Конституция жобасы бойынша бүкілхалықтық дауыс беру 2026 жылғы 15 наурызда өтеді. Бұл негізгі заңға қатысты маңызды мәселенің қоғамда кеңінен талқыланып жатқанын көрсетеді.
Жаңа Конституция жобасы білімді ұрпақ тәрбиелеуге және қоғамның тұрақты дамуына бағытталған маңызды құқықтық негіз деп есептеймін.
Мамбетова Клара Кикбайқызы, Қарашоқат ЖОББ мектебінің мұғалімі



