Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы жас ұрпақтың тәрбиесі мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған маңызды құжат деп санаймын.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы жас ұрпақтың тәрбиесі мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған маңызды құжат деп санаймын.
Тәрбие жұмысы оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастырумен, қоғамдағы ортақ құндылықтарды түсіндірумен және заңға құрметпен қарауға үйретумен тығыз байланысты. Жаңа Конституция жобасында адам құқықтарын қорғау, отбасы құндылықтарын сақтау, білім мен жастардың дамуына жағдай жасау сияқты бағыттардың қамтылуы тәрбие жұмысының мазмұнымен үндеседі.
Әсіресе жас буынға әділдік, жауапкершілік және өзара сыйластық қағидаттарын түсіндіруде Конституцияның маңызы зор. Бұл оқушылардың қоғамдағы белсенді азамат болып қалыптасуына негіз болады.
Жаңа Конституция жобасын қабылдау мәселесі 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумда қаралады. Бұл негізгі заңның қоғамда кеңінен талқыланып жатқанын көрсетеді.
Жаңа Конституция жобасы жас ұрпақтың тәрбиесіне және қоғамдағы құндылықтарды нығайтуға бағытталған маңызды құқықтық негіз деп есептеймін.
Муханова Гауһар Сабитовна, Қарашоқат ЖОББ мектебінің тәрбие жөніндегі орынбасары



