Әлеумет
ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Ағымдағы жылдың 12 ақпан күні «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалына қарасты «Аудандық орталық аурухана» бастауыш партия ұйымының мүшелері «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы аясында Шалқар қаласының тұрғындары Зиба Ембергенова, Күнімхан Үргенішбаеваның үйлеріне барып, медициналық көмек көрсетті.
Үйді аралау негізінде медициналық тексеру және кеңес беру, зейнеткерлерді кәсіби құрал-жабдық арқылы толық тексеру жүргізілді. Зейнеткерлердің қан қысымы, қант пен холестерин мөлшері анықталып, көз ішілік қан қысымы өлшенді. Қан анализі алынды.
Өз кезегінде зейнеткерлер Зиба Ембергенова, Күнімхан Үргенішбаева партия мүшелеріне жылы лебізін білдіріп, батасын берді.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы


