Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасында цифрландыру мәселесінің Конституциялық деңгейде қарастырылуы білім саласы үшін маңызды қадам деп санаймын.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасында цифрландыру мәселесінің Конституциялық деңгейде қарастырылуы білім саласы үшін маңызды қадам деп санаймын.
Ауыл мұғалімі ретінде білім беру жүйесінде цифрлық технологиялардың рөлі жылдан-жылға артып келе жатқанын көріп жүрміз. Онлайн платформаларды пайдалану, электронды білім ресурстары, қашықтан оқыту мүмкіндіктері — мұның бәрі білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді. Сондықтан азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау және технологиялық дамуды қолдау мәселелерінің жаңа Конституция жобасында көрініс табуы орынды шешім деп ойлаймын.
Цифрландыру ауыл мен қала арасындағы білім беру мүмкіндіктерінің айырмашылығын азайтуға да мүмкіндік береді. Бұл ауыл балаларының сапалы білім алуына жаңа жол ашады.
Жаңа Конституция жобасында білім мен технологияның дамуына ерекше көңіл бөлінуі — болашақ ұрпақтың бәсекеге қабілетті болуына негіз болады.
Жаңа Конституция — білім мен цифрлық дамуға бағытталған маңызды құқықтық негіз.
Әбиев Еламан Бақбергенұлы, Шоқысу негізгі мектебінің мұғалімі


