Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы қоғамның әл-ауқатын арттыруға және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды құжат деп есептеймін.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы қоғамның әл-ауқатын арттыруға және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды құжат деп есептеймін.
Ауыл дәрігері ретінде адам денсаулығы мен қауіпсіздігі — ең басты құндылық екенін күнделікті жұмысымызда көріп жүрміз. Жаңа Конституция жобасында адамның өмірі мен құқықтарының жоғары құндылық ретінде айқындалуы, экологияны қорғау, әлеуметтік жауапкершілікті күшейту сияқты бағыттардың қамтылуы қоғам денсаулығын сақтауға ықпал етеді.
Ауыл тұрғындарының сапалы медициналық көмек алуына жағдай жасау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және қоршаған ортаның тазалығын сақтау — бір-бірімен тығыз байланысты мәселелер. Осы тұрғыда жаңа Конституция жобасының қоғамның тұрақты дамуына бағытталғанын атап өтуге болады.
Жаңа Конституция — адам өмірі мен қоғам денсаулығын қорғауға қызмет ететін маңызды құқықтық негіз.
Қопаева Айгүл Сисенбайқызы, Қаратоғай МП-нің медбикесі


