Спорт

Партия мүшелері арасында тоғызқұмалақ жарысы өтті

29 қаңтар күні «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалына қарасты «Орталық аудандық аурухана» бастауыш партия ұйымында әйелдер және ерлер арасында тоғызқұмалақтан жекелей біріншілік өтті.

Жарысқа білім беру саласында қызмет жасайтын 30-ға жуық спортшылар қатысты. Жарыстың нәтижесі бойынша ерлер арасында І орынды Нұрхан Мұстафин, ІІ орынды Әлішер Темірханов, ІІІ орынды Аслан Талмырзаев жеңіп алса, әйелдер арасында І орынды Гүлжанат Арыстанғалиева, ІІ орынды Сандуғаш Нағымбаева, ІІІ орынды Нұргүл Құдайбергенова иеленіп, Диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жарыстың марапаттау рәсіміне «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айнагүл Жұмағұлова, Шалқар аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Лаура Мурсалова, «Орталық аудандық аурухана» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ләззат Айтымбетова және партия мүшелері қатысты.

Жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін «Орталық аудандық аурухана» бастауыш партия ұйымына қарасты Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Ләззат Айтымбетова, жарысқа әділ төрелік жасаған төрешілер Көпберген Қосқұлақов, Әлішер Темірханов және жарысқа қатысқан спортшылар Алғыс хатпен марапатталды.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалына қарасты «Орталық аудандық аурухана» бастауыш партия ұйымы

Басқа материалдар

Back to top button