Спорт
Құрылыс жұмысына партиялық бақылау жасалды

Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидеханов, Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы Жарылғасын Шамбалаев және партияның аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Шалқар қаласындағы В.Н.Цеханович атындағы №1 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ғимаратының құрылыс жұмысына мониторинг жүргізді.

Жобаның жалпы құны 1 855,5 млн. теңге. Жобаға жауапты мердігер – «Нур-Талап и К» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «StroyИнжиниринг» ЖШС.
Мониторинг барысында құрылыс жұмысы сапалы және уақытылы жүргізілуі қажет екендігі ескертілді. Алдағы уақытта да аталған нысанға партиялық бақылау жүргізілетін болады.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.


