Спорт

Жеңіс тұғырында көтерілген Ту тек бір спортшының ғана емес, тұтас елдің мерейін асырады

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев көк Тудың қадір-қасиеті мен оның ел бірлігін айшықтайтын ерекше рөліне терең тоқталды деп есептеймін. Мемлекеттік Тудың үйлерде, көшелерде, спорттық жарыстар мен халықаралық іс-шараларда желбіреуі – бұл халқымыздың елдік рухының, отансүйгіштік сезімінің айқын көрінісі.

Спорт саласының қызметкері ретінде Мемлекет басшысының ойымен толық келісемін. Бүгінде көк Тудың әлем ареналарында танылуы – ең алдымен отандық спортшылардың маңдай тері мен табанды еңбегінің нәтижесі. Жеңіс тұғырында көтерілген Ту тек бір спортшының ғана емес, тұтас елдің мерейін асырады. Ол жас ұрпаққа үлгі болып, елге деген мақтаныш сезімін қалыптастырады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы атап өткендей, Тудың танымал болуы спорттағы жетістіктермен қатар ғылымдағы табыстарға, кәсіпкерліктегі ілгерілеуге, мәдениет пен өнердегі биік белестерге де тікелей байланысты. Осындай ортақ жетістіктер Қазақстанның халықаралық беделін нығайтып, ел абыройын асқақтатады.

Спорт саласының өкілі ретінде айтарым – көк Туды биікте желбірету жолындағы еңбек ешқашан тоқтамауы тиіс. Бұл – тек спортшылардың емес, бүкіл қоғамның ортақ мақсаты. Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда айтқан бұл ойлары бізді ел намысын қорғауға, көк Тудың мәртебесін әрдайым биікте ұстауға жігерлендіреді.

Құрманғали Серікбай Байқазақұлы, №1 мектептен тыс «Аула клубы» КММ нұсқаушысы.

Басқа материалдар

Back to top button