ЛАТЫН ЖАЗУЫНА КӨШУ – МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ


Маңғыстау облыстық тіл басқарма­сының
басшысы Гүлзайда Төлеуғалиева

Еліміздің рухани өміріндегі жаңалықтардың бірі – латын негізді жаңа қазақ жазуына көшу. Ол заманның талабына сәйкес өркениетке бағытталған қадам екені белгілі. Осы бағытта Маңғыстау облысы тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы қарқынды жұмыс жүргізуде.  Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығы, ҚР Үкіметінің қазақ тілі әліпбиін 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру бойынша іс-шаралар жоспары негізінде тиісті шаралар іске асырылып жатыр. Атап айтқанда әліпбиді латын графикасына көшіру жұмыстары үш кезеңге бөлініп, негізгі шаралардың жоспары жасақталды.  Бірінші 2018-2020 жылдар аралығына жаңа әліпбиді көпшілікке таныстыру, түсіндіру және насихаттау, латын графикасына көшуге байланыс­ты жалпы орта білім беру ұйымдары оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілерге латын графикасын үйрету сынды нормативтік құқықтық базаны жетілдіру іс-шаралары жоспарланды. 

2021-2023 жылдарды қамтитын екінші кезеңде мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді, ҚР азаматының паспорттары мен жеке куәліктерін және басқа да құжаттарды латын графикасы негізіндегі мемлекеттік тілде беруді қамтамасыз ету, жаңа қазақ графикасы және жаңа жазу ережелері бойынша пәндер мен курстар әзірлеу және енгізу, латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық сөздігін жалпыға қолжетімді ету, сөздіктердің онлайн нұсқасын мемлекеттік орган­дардың, мемлекеттік мекемелердің барлық ресми сайттарына орналастыру, ҚР кітапхана желілерін осы әзірлемелердің электрондық нұсқаларымен қамтамасыз ету қарас­тырылып отыр. Ал 2024-2025 жылдар аралығында ұйымдастырушылық және әдістемелік іс-шаралар жалғасын табады: мемлекеттік органдардың ісқағаздары, барлық жасалған халықаралық шарттар, мемлекеттік БАҚ және баспа басылымдары латын графикасына кезең-кезеңімен көшіріледі.
Облыстағы жұмыстар жоғарыда аталған үкіметтік жоспарға сәйкес жүргізілуде. Республикамызда алғашқы болып өңір басшысы Е.Тоғжановтың қолдауымен аймақта «Қазақ әліпбиін латын әріптермен таңбалаудағы ерекшеліктер» атты республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Шараның мақсаты – Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу мәселесін кеңінен насихаттау, оның маңыздылығын жеткізу, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру. Конференцияға облыс әкімі Е.Тоғжанов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Ғ.Мелдешов, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, Ұлттық комиссия төрағасы Е.Қажыбек, С.Демирел атындағы университет профессоры, филология ғылымының докторы Қ.Күдеринова, Ахмет ­Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті А.Гүнгор, Баку мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымының докторы Ф.Агаева және т.б. білікті мамандар мен жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты. Олар латын әліпбиінің осыған дейін ұсынылған нұсқаларын кеңінен талқылап, жобаға қатысты өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Конференция барысында айтылған ұсыныстар ҚР Үкіметінің жанындағы Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияға жолданып, арнайы жұмыс топтарына жіберілді.
Сонымен қатар облысымызда қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіруге байланысты қоғамдық пікірді қалыптастыру мақсатында облыстың барлық қала-аудандарда мекемелер мен әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерінің арасында 153 ақпараттық-насихаттау шарасы, семинарлар, көпшілік талқылау жұмыстары, 3 республикалық семинар-кеңес, 12 көшпелі семинар, 61 кездесу-жиы­ны, 51 презентация, 14 дөңгелек үстел, 12 тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ өңірдегі 120 мекеме-кәсіпорында, мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарында әліпбиді латын қарпіне көшіру мәселесін ақпараттандыру-түсіндіру бағытында «Қош келдің, жаңа әліпби!» атты тұсаукесерлік сағаттар, танымдық шаралар өткізілді.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Рухани жаңғырудың негізі болып табылатын жаңа қазақ әліп­биіне кезең-кезеңмен көшуге байланысты ұйымдас­тырушылық, түсіндіру, әдістемелік шаралар ұйымдастыру» жобасы іске асырылды. Зиялы қауым, әртүрлі сала мамандары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен тұра­тын арнайы ақпараттық түсіндіру жұмыс тобы құрылып, облыстағы барлық қала-ау­дандар тұрғындарымен, мекеме-кәсіпорын­дар қызметкерлерімен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Орыс мектебінде қызмет ететін қазақ тілі пәні мұғалімдері мен мемлекеттік қызметшілер жаңа қазақ әліпбиін қолдауға бағытталған «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мен оны енгізудің мәселелері» тақырыбындағы көшпелі семинарларға қатысты.
Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев­тың «Қазақстандық­тардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде жаңа қазақ әліпбиіне көшу мәселелерін түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық топ Маңғыстау облысы зия­лы қауымымен, білім беру саласының қызметкерлерімен, студенттермен кездесті.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы өкілдерінің қа­ты­суымен «Жаңа емле ережесіндегі дәс­түр мен жаңашылдық» тақырыбында облыстағы қала-аудандарда ақпараттық-насихаттау шаралары – көпшілік талқылау ұйымдастырылып, тілші ғалымдар жаңа әліпбиге көшудің мәні мен емледегі өзекті мәселелер жөнінде баяндама жасап, ереженің негізгі қағидаттарымен және ­басты жаңалықтарымен таныстырды.
Қазақ әліпбиін латын ­графикасына көшіру бойынша ақпарат­тандыру-түсіндіру және өзге де ақпараттар облыстық Тілдерді дамыту басқармасының, мем­лекеттік органдар­дың сайттарында, әлеуметтік желідегі парақ­шаларында жарияланды. Әлеуметтік желілерде латын әліпбиіне көшіруді түсіндіру бағытында топтар ашылып, «#Латындықолдаймын», «#Latynqoldai’myn», «#Язалатиницу» хэштег­тері құрылып, олардың контенті тақырып­тық материалдармен толық­тырылды. Жаңа әліпбиді халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында тұрғындар арасында пікірталас ұйымдас­тырылып, сауалнама жүргізілді. Облыс халқына ақпараттық парақшалар, әдіс­темелік құралдар таратылды. Бұл бағыт­тағы жұмысқа мемлекеттік органдардан тыс үкімет­тік емес ұйымдар мен жастар да тартылды.
Республика бойынша жаңа латын­негізді әліпбиді практикалық тұрғыда меңгеруге дағдылану мақсатында ұйым­дастырылған жалпыхалықтық диктантқа өңірімізден 80 мың адам қатысқанын да атап өтейік. Нәтижесінде шараға қатысушылардың 50,5 пайызы «өте жақсы» деген баға алды.
Мемлекеттік қызметшілердің білік­тілігін арттыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облыстық филиалы «Латын әліпбиі және ресми жазылым: мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүр­гізу» тақырыбында семинарлар мен оқыту дә­ріс­терін өткізді. Аталған дәріс бойынша өткен жылы 28 мемлекеттік қызметші сертификат алса, биылғы жылғы І тоқсанның қорытындысы бойынша 202 мемлекеттік қызметшіге сертификаттар табысталды.
Сонымен қатар облыс аумағындағы қала-аудандарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге, латын әліпбиіне көшуді қолдауға бағытталған билбордтар ілінді. Қазақ тілі әліпбиін 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру бойынша өткізілген барлық шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды. Өткен жылы аталған тақырыпта өңірлік БАҚ-та 391 мақала (баспа басылымдарда 202, электронды құралдарда 189) жарық көрді.
Облыс жұртшылығына «MAŃǴYSTAÝ» телеаранасында жаңа қазақ әліпбиін енгізу­дің мәселелеріне қа­тысты тікелей эфирде пікірсайыс өт­кізіліп, телебағдарламалар циклы қата­рында латын графикасына көшу, оның маңыздылығы жөнінде хабарлар циклы ұйымдастырылды.
Басқарма тарапынан «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ере­желері» барлық облыстағы әкімдіктер, облыстық және аумақтық мемлекеттік органдарға танысу және жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жолданды. Облыстағы мемле­кеттік және әскери қызметшілердің қатысуымен «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырылып, оған 135 адам қатысты. Мемлекеттік орган басшылары мен мемлекеттік тілді дамытуға жауапты мамандарға арналған «Жаңа қазақ әліпбиі емле ережелерінің ерекшеліктері» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өткізілді.
Сонымен қатар емле ережелерімен көпшілікті таныстыру, тиісті сала мамандарын оқыту мақсатында Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Тіл-Қазына» орталығының ғалым-әдіскерлері латыннегізді қазақ жазуын меңгертетін оқытушыларды дайындайтын курстарды ұйымдастыруда. Бүгінгі таңда облыста латын графикасындағы жаңа әліпбидің емле ережелерін оқыту-үйрету жұмыстары басталды. Жыл ішінде басқарма тапсырысымен 3000 адамға «Латын графикасындағы жаңа әліпбидің емлесі ережелері» тақырыбындағы курс, семинар өткізу жоспарланған. 2019 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап «Үш тілді онлайн оқыту» мобильдік қосымшасы іске қосылып, оны 5000-ға жуық тұрғын пайдаланады деп күтілуде.
Жалпы аталған курс, сабақ, дәріс жұмыс­тарына мемлекеттік тіл оқыту орталығының оқытушылары, ЖОО-ның, арнаулы білім беру мекемелерінің филолог оқытушылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, құқық қорғау органдары қызметкерлері, мемлекеттік ұйымдар (денсаулық, көлік, халыққа қызмет көрсету мекемелері және т.б.) қызметкерлері, өңірлердегі квази­мемлекеттік секторлар­дың (мемлекеттік тілді дамыту және редакциялау бөлімдері, кадр бөлімі, ісқағаздармен жұмыс жүргізу бойынша қызметкерлері) мамандар қамтылатын болады.
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов өңіріміздегі руханият мәсе­лелеріне, оның ішінде мемлекеттік тілді дамыту ісіне ұдайы көңіл бөліп келеді. Облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқарма­сының басшысы Гүлзайда Төлеуғалиеваның басшылығымен латын жазуына көшу бағытын­дағы игі шаралар жалғасын таба береді. Демек, еліміздің рухани өмірін­дегі маңызды шара – латыннегізді әліпбиімізді тұр­ғындарымыз жетік меңге­ретініне сенім мол.

Әділет ҚАБЫЛОВ,
филология ғылымының
кандидаты
Ақтау