Ақмола облысы Шучинск қаласында «Балдәурен» сауықтыру-демалыс орнында «ФЭСТ Қазақстан» компаниясының ұйымдастыруымен республикалық мектепішілік спартакиадасы өтті. Спартикиадада оқушылар спорттың 6 түрінен сайысты. Қауылжыр ауылдық округінен жасақталған «Қауылжыр» оқушылар құрамасы спорттың футзал түрінен жарысқа қатынасқан болатын. Құраманың бас бапкері ГКС-12 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н.Есмұхан, оқушылар С.Мұхит, С.Майтан, З.Иманқұл, Н.Қармыс, Б.Қалыбек, Т.Әлібек, Е.Әзімжан және Н.Өтемісовтер. Жарысқа 14 облыс және Алматы, Шымкент, Нұр- Сұлтан қалаларынан барлығы 17 команда қатысты. Ауылдық округ құрамасы әуелі облыстан жеңімпаз атанып, республикалық жарысқа жолдама алған болатын. Бұл жарыста да бағы жанып, бас жүлдегер атанды. Жеңімпаздарды Қайдауыл стансасынан ауыл тұрғындары зор қуанышпен қарсы алып, ауылдық округ әкімшілігі алаңында жалғасын тапты. Тұрғындардың қуанышында шек болмады. Жеңімпаздарды түрлі сыйлықтармен қарсы алып, ауыл әкімі Т.Балымов бастаған ауыл азаматтары құттықтады. Жиын соңы ауыл өнерпаздарының концертіне ұласты.
Қ.Төлегенов,Қауылжыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.