«ТОЛАҒАЙ» ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫСЫ

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық отбасы күніне орай «Толағай» отбасылық сайысы өткізілді. Мақсаты — ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал жасау.  Шараға теміржол саласында жұмыс жасайтын жас отбасылар қатысып, сайыстың төрт шарты бойынша сынға түсті.

Қорытындысында әскерилендірілген теміржол мекемесінің атынан қатысқан Оспановтар отбасының «Қыран» тобы  өзге топтардан оза шауып, жүлделі І орынға ие болды. ІІ орынды «Қамқор локомотив» Шалқар сервис орталығы атынан қатысқан Қуандық отбасының «Тұлпар» тобы, ІІІ орынды «Қамқор вагон» депосының атынан қатысқан Әлмұратовтар отбасының «Қамқор» тобы  иеленіп, аудан әкімінің Алғыс хаты және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.