Басты жаңалықДенсаулық

Көпсалалы аурухананың болуы шалғай ауыл тұрғындары үшін сапалы медициналық көмек алуды айтарлықтай жеңілдетеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауылдық денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше тоқталып, нақты тапсырмалар берді.

Бұл тапсырмалардың ауданымыз үшін де маңызы зор. Қазіргі таңда аудан орталығындағы аурухананы көпсалалы аурухана ретінде қайта жарақтандыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқаны – осы тапсырмаларды орындауға бағытталған нақты қадам. Көпсалалы аурухананың болуы шалғай ауыл тұрғындары үшін сапалы медициналық көмек алуды айтарлықтай жеңілдетеді.

Сонымен қатар, Қаратоғай ауылында медициналық пункттің пайдалануға берілуі – ауыл тұрғындары үшін үлкен жаңалық. Бұл жергілікті халыққа алғашқы медициналық көмек алуды жақындатып, өмір сапасын арттыруға септігін тигізеді. Алдағы жылы Шоқысу, Тоғыз және Сарысай ауылдарында медициналық пункттердің құрылысы басталады деп жоспарлануы – ауылдық аймақтардағы медициналық инфрақұрылымды жетілдіруге жасалып жатқан маңызды қадам.

Әрине, ғимараттарды салумен қатар, оларды заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету және білікті мамандарды тарту мәселесін де шешу қажет. Президенттің тапсырмалары уақтылы орындалса, бұл бастамалар ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттырып, медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етері сөзсіз.

Ауыл тұрғындары үшін мұндай өзгерістердің маңызы зор. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары халықтың ертеңге деген сенімін нығайтып, денсаулық сақтау саласының сапасын жаңа деңгейге көтереді деп сенеміз.

Дәмелі Асқарова,  Байқадам фельдшерлік-акушерлік пункті, жалпы тәжірибедегі медбике.

Басқа материалдар

Back to top button