«ТОЛАҒАЙ» ОТБАСЫЛЫҚ-СПОРТТЫҚ ЖАРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

14 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай, «Ұлы Борсық» бастауыш партия ұйымына қарасты №5 мектеп-лицейінде «Толағай» отбасылық-спорттық жарысы өткізілді.

Шараға білім беру саласынан құралған 4 команда қатысты. Жарыстың жеңімпазы мен жүлдегерлеріне «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы, депутаттық фракция жетекшісі Жарылғасын Шамбалаев Диплом мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Шара соңында «Толағай» отбасылық-спорттық жарысын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін №5 мектеп-лицейінің ұжымы Алғыс хатпен марапатталды.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.