ПАРТИЯНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ОҚУШЫЛАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

14 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне орай «Қазпошта» бастауыш партия ұйымына қарасты Шалқар аудандық Оқушылар сарайы ғимаратында оқушылар арасында айтыс өтті. Шараға «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы, депутаттық фракция жетекшісі Жарылғасын Шамбалаев, «Шалқар аудандық Оқушылар сарайы» КММ-нің директоры Қайрат Тілеш және жас ақындардың жетекшілері, ата-аналары қатысты.

 «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында өткізілген жарыста І орынды  Мағжан Амангелді жеңіп алса, ІІ орынды Кәусар Мәжит, Інжу Бақтығали, ІІІ орынды Алтынай Әбдіғалиева иеленді. Айтысқа қатысып, үздік өнер көрсеткен Инабат Асхат, Айша Қанат, Заманбек Жаңабаев, Белес Өтепберген Алғыс хатпен марапатталды.

Шарада сөз сөйлеген партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жарылғасын Шамбалаев оқушыларды айтысқа дайындаған жетекшілері Гүлсана Есенжолова мен Аруна Керімбекке алғысын білдірді.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.