Партиялық жоба аясында отбасылық жарыс өтті

«Amanat» партиясы Шалқар аудандық филиалына қарасты «№491 сайлау учаскесі» бастауыш партия ұйымында №3 жалпы орта білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен үстел теннисінен отбасылық жарыс өтті.

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында өткізілген жарысқа       5 отбасы қатысып, нәтижесінде І орынды Оралбаевтар отбасы, ІІ орынды Қалиевтер отбасы, ІІІ орынды Жаңғабыловтар отбасы иеленді. Жарысқа қатысып, үздік ойын көрсеткен Елшібековтер отбасы мен Ізбасаровтар отбасы Алғыс хатпен марапатталды.

Жарыстың жабылу салтанатында сөз сөйлеген «Amanat» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жарылғасын Шамбалаев жарысты ұйымдастырушыларға Алғыс хатпен марапаттап, жүлдегерлерге бағалы сыйлықтарды табыстады.

«Amanat» партиясы Шалқар аудандық филиалы.