Бастауыш партия ұйымының төрағасы марапатталды

«Amanat» партиясы Шалқар аудандық филиалына қарасты «Ұлы Борсық» бастауыш партия ұйымында жиын өтті. Жиынға «Amanat» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Жарылғасын Шамбалаев, аудандық мәслихат депутаты Серік Жоламанов, «Ұлы Борсық» бастауыш партия ұйымының төрағасы Әлия Әбдіғапарова қатысты.

Күн тәртібінде бастауыш партия ұйымының ағымдағы жылдың 11 айында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Жиын соңында партиялық жобаларды жүзеге асыруда белсенділік танытқаны «Ұлы Борсық» бастауыш партия ұйымының төрағасы Әлия Әбдіғапароваға «Amanat» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ербол Данағұловтың Алғыс хаты табысталды.

«Amanat» партиясы Шалқар аудандық филиалы.