Депутаттық фракцияның отырысы өтті

Шалқар аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті.
Жиналыс барысында Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы және Жол картасы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

«AMANAT» партиясы – халықтың әл-ауқатын арттыру жолында жұмыс жасауда. Әрбір депутаттық фракция мүшесі өзіне жүктелген Жол картасының тармақтарының орындалуын қатаң бақылауға алу қажет,- деді жиынға төрағалық жасаған аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Жарылғасын Шамбалаев.

Сонымен қатар аудандық депутаттық фракция отырысына аудандық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әбдіғаппарова Әлия Әбдіғаппарова қатысты.

Amanat партиясы Шалқар аудандық филиалы.