«KIELI TABIGAT» БІРЫҢҒАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен барлық өңірлерде «Kieli Tabigat» бірыңғай республикалық экологиялық акциясы өтетіндігі жоспарланған.

Акцияның мақсаты: сакралды аймақтарды тазалау, қалпына келтіру, сақтау және экологиялық мәдениетті арттыру болып табылады.

Осыған орай, 2023 жылдың қыркүйек айының 16 күні аталған акцияға Шалқар ауданы бойынша барлық мекемелер, ауылдық округтер, жастар орталығы, волонтерлер де атсалысты.

Есет Көтібарұлының қорымы орналасқан тарихи ескерткіштердің айналасына, Жылтыр ауылындағы І.Үргенішбаев ескерткіші аумағына, ауданымызға қарасты «Бауырластар зиратына» тазалық жұмыстары жүргізілді.

Ескерткіштер айналасы күл-қоқыстардан тазаланып, арам шөптер оталды.

Экологиялық акция аясында ауданымыздың тазалығын сақтауға шақырамыз!